Обсуждение закона о статусе педагога.

Қарағаш орта мектебінде  «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңды  талқылауға арналған педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске мектеп ұстаздары, балабақша,  интернет тәрбиешілері қатысты. Мектеп директоры Габдуллина Гульнара Хасеновна «Педагог мәртебесі туралы» заңның  басым бағыттарын айта келіп, елімізде Елбасының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының қабылданғаны туралы айтты. Бұл маңызды құжат мұғалім мәртебесін көтеріп, білім саласының одан ары дамуына жол ашатыны атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» заңын талқылау үшін мұғалімдерді топқа бөліп, әр топқа заңның бағыттарын талқылауға тапсырма берілді.Елбасы бұған дейін де білім саласына ерекше көңіл бөліп келген. Оның ішінде мұғалімдерге жағдай жасай отырып, білімімен, мәдениетімен бәсекеге қабілеттілігін де арттыру жауапкершілігін жүктеп отыр.Әр топ мүшелері ортаға шығып, ойларымен  бөлісті. Жаңа заң туралы пікірімен тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Досмуханов Б.С. бөлісті «Педагог мәртебесі туралы» заң –  педагогикалық қауымдастықтың беделі мен еліміздегі әрбір педагогтың рөлін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Педагог мәртебесін айқындайтын, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін негізгі ұғымдарды атап өтті.
АӘД пәнінің оқытушысы Гарбовский А.С.

 «Педагогтар үшін халықаралық олимпиада жүлдегерлері үшін үш лауазымдық жалақы мөлшерінде бір жолғы сыйақы түрінде көтермелеу қарастырылған. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі оқытушыларға жер учаскесіне басым құқық берілген.  “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” мемлекеттік наградасы тағайындалды. Бұл атаққа қол жеткізгендерге 2 млн 651 мың теңгенің сыйақысы беріледі. Ал халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазын тәрбиелеген ұстаздарға 3 еңбекақы мөлшерінде сыйақы беріледі.
Мұғалімдрге  қызметтік баспана да, үй салу үшін жер де қарастырылады. Ал олардың балаларына балабақшадан орын бірінші кезекте беріледі. Осы қабылданған Заң жобасының  мұғалімдерге көрсетілген үлкен құрмет екендігін айтты.